|
11.04.2019 | 10:34
7209

«Жол, ТКШ және экология»: Алатау ауданы тұрғындарын жиі мазалайтын проблемалар белгілі болды

Тұрғындар сауалына аудан әкімі тікелей эфирде жауап береді

«Жол, ТКШ және экология»: Алатау ауданы тұрғындарын жиі мазалайтын проблемалар белгілі болды иллюстративное фото

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев «Алматы» телеарнасындағы «Әкіммен ашық әңніме» жобасында қонақ болып, тікелей эфирде тұрғындарды мазалаған сауалдарға жауап береді. Телебағдарлама кешкі сағат 19:30-басталады.

Айта кетейік, аудан әкіміне сауалды тұрғындар бір аптадан бері телеарнамыздың ресми сайтына жолдап жатыр. Сұрақтарға оқырмандардың дауыс беруіне болады. Ең көп дауыс жинаған 5 сауал тікелей эфир кезінде әкімге қойылады. Ал, өзге сұрақтарға жазбаша жауап берілмек.

Бүгінге дейін бас-аяғы 60-қа жуық сауал келіп түскен. Одан байқағанымыз, алатаулықтарды негізінен жол мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы және көшелерді жарықтандыру секілді мәселелер мазалайды екен.

Десе де, келіп түскен сұрақтардың ішінде ең көп дауысқа ие болғаны – аудандағы Қарасу көлінің экологиялық ахуалы. Әкімге сауалын жолдаған Сергей Васильев есімді тұрғын аталған көлді аудан халқының өздері тазартып, демалуға ыңғайлы жағдай жасап алғанын айтады. «Ал, әкімдік тарапынан қандай да бір көмек болады ма?» дейді ол. Осынау сұрақ 400-ге жуық дауыс жинап, көш бастап тұр. Оған жауапты бүгін кешкі сағат 19:30-да «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаевтың өзі жауап береді.

Айта кеткен жөн, әкімге сауалды 11 сәуір сағат 15:00-ге дейін жолдауға болады. Үлгермеген жағдайда тікелей эфир кезінде +7 (727) 334 00 24 байланыс номеріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp мессенджеріне (+7 777 046-33-33) хабарлама жолдауға болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир