Жаз айында дүркіретіп той өткізіп, елдің талқысына түскен тақырбас келін ана атанды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жәния - MAKVIN лақап атымен шыққан Нұрболат Базарбаевтың әйелі. Ол «Қазақстан дауысы» және «Хочу к Меладзе» жобасы арқылы танылған әнші.
Сәбилі болғанын Нұрболат Базарбаевтың әйелі Жәния мәлімдеді. Ол баласымен түскен суретін желіге жүктеді.
«Бізге бір күн болды», – деп жазды Жәния желіде.
Желі қолданушылары жас ананы құттықтап, тілегін жазды.
«Бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын», «Ана бақыты бұйырғаны үшін қуаныштымын», – деп жазды желі қолданушылары.
Әлі де тақырбас күйінде жүргені үшін сынға алғандар болды.
«Ана атанғаныңды шашыңды өсіріп, орамал тағатын шығарсың енді», – дейді бірі.
Әнші жұртты ерекше шаш үлгісімен таңғалдырған қалыңдығы туралы айтып берген еді.
Сурет: KYN.kz