Сириядан оралған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Сириядан оралған әйел бес жылға сотталуы мүмкін
«Жусан» операциясы арқылы елге келген ол уақытша ұстау абақтысына жабылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбелік әйел терроризмді насихаттады және діни араздықты қоздырды деген айыппен сот алдына келді.

32 жастағы әйел Ақтөбе қаласының тумасы. 2013 жылдың 25 тамызында Түркия арқылы Сирияға кеткен. Осы жылдың көктемінде сотталушы күрдтерге беріліп, отанына оралғысы келетін адамдардың тізіміне енгізуді сұраған, деп хабарлады Sputnik.

Ақмарал Алмағамбетованың бес баласы бар, үшеуін Ақтөбеде әкесіне қалдырып кеткен, ал өзі Сирияға аттанып, сонда тағы екі баланы дүниеге әкелді. 9 мамырда әйел балаларымен бірге «Жусан» операциясы арқылы отанына жеткізіліп, дереу уақытша ұстау абақтысына жабылды. Қазіргі уақытта балалар мемлекеттік мекемеде тәрбиеленіп жатыр, әкелері Сирияда қаза тапқан.

Прокурордың айтуынша, радикалды діни көзқарасты ұстанған сотталушы 2013 жылы соғыс болып жатқан Сирия еліне аттанған. 2014 жылдың қаңтарында ол Қазақстанда қалған жұбайымен ұялы телефон арқылы байланысып, дауыстық және мәтіндік хабарлама жібереді. Сарапшылар оны терроризмді насихаттау және діни араздықты қоздыру деп бағалады. Айыпталушы кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келді.

Прокурор Алмағамбетованың бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, оған орта қауіпсіздік мекемесінде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп жазды басылым.

23 шілдеде Алмағамбетова сот үкімі жариялануы керек еді, бірақ судья қазіргі емес, қылмыс жасалған сәтте қолданыста болған Қылмыстық кодекстің баптарын қолдана отырып, жаңа процессуалдық келісім жасау үшін істі прокуратураға жолдады.

Новости партнеров