Алматыда шомылуға рұқсат етілген орындар белгіленді

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Мамандар суда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда шомылуға рұқсат етілген орындар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленді. Олар – Сайран көлінің Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа 200 метр жылжығаннан кейінгі шығыс бөлігі, Сайран көлінің батыс жағы, «Баум бағы» маңындағы Д. Қонаев атындағы үлкен Алматы каналының бойы, Гүлдер демалыс аймағы. Осы 4 су қоймасынан басқа Есентай, Кіші Алматы өзендері сияқты тау өзендерінде суға түсуге тыйым салынады», – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандар суда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Рұқсат етілмеген жерге шомылуға, жүзе білмейтін адамға суға түсуге, жағалаудан алысқа кетуге, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға, түнде әрі мас күйінде суға түсуге тыйым салынады.


Новости партнеров