«Шөп теріп жеген күндер болды»: Сириядан оралған келіншек өзінің тартқан тауқыметі жайлы айтып берді

«Шөп теріп жеген күндер болды»: Сириядан оралған келіншек өзінің тартқан тауқыметі жайлы айтып берді
Бүгінде жабық киімнен бас тартқан ол өзгелерге сабақ болуы үшін басынан өткен оқиғасын айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық Альбина Мансұрова - Сириядан Қазақстанға оралғандардың бірі. Жат жерде басынан өткен оқиғаларды айтып берген ол өзінің тағдыры өзгелерге сабақ болса дейді.

Ол осыған дейін паранжа киген. Қазақстанға оралған соң жабық киім киюді қойыпты, деп хабарлайды Sputnik "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Альбинаның айтуынша, ол Сирияда алты жыл тұрған. Күйеуімен бірге кетіпті. Алайда қақтығыс аймағынан шығу оңай болмаған.

Ол аш қалмау үшін балаларымен бірге шөп жеуге тура келгенін айтады.

"Ол жерде әділетсіздік, қатігездік, агрессия, жаппай өлім және аштық болды. Мен мұның бәрі саясат болғанын түсіндім. Дінге еш қатысы жоқ. Сондықтан ол жерден шығу жолын іздей бастадым. Қазақстанға оралып, өзімді және балаларымды құтқаруым керек болды", - дейді ол.

Әйел балаларымен бірге Қазақстанға қайтарылды. Енді ол Сирияға кетуді жоспарлап жүргендерді құтқармақ.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметіне сәйкес, екі жылда қамауда отырған 300 адам дәстүрлі діни көзқарасқа оралған. Олармен теологтар және психологтар жұмыс істеді.

"Қақтығыс аймағынан оралғандармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері керек. Өйткені біздегі экстремистер мен террористер бөлек санатта, ал қақтығыс аймағынан оралғандары мүлдем басқаша. Құзырлы органдар оларға қатысты арнайы жұмыс әдістемесін әзірлейді", - деді Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаев.

Сәтті жүзеге асырылған үш "Жусан" гуманитарлық операциясының нәтижесінде Сириядан 600 қазақстандық елге оралды. Олардың 30-ы ер адам, 137-і әйел және 406-ы бала.

Новости партнеров