42 500 теңгенің түскенін қалай тексеруге болады – вице-министр жауабы

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Көмек ақшаның түскенін тексеруге арналған жаңа қызмет іске қосылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгенің түскенін тексеру үшін жаңа қызметтің іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мақұлдағаннан кейін шоттарға ақша жіберілгені туралы сұрақтар көптеп келіп түсуде. Нақты ЖСН-і бойынша тексеруді жиі сұрауда. Сондықтан, әрбір адам өзіне ақша жіберілгенін және қайда жібергенін білу үшін біз цифрлық командамызбен соңғы күндер ішінде бірқатар интеграция мен техникалық жұмыс жүргіздік», - деп атап өтті Нариман Мұқышев.

Вице-министр сондай-ақғ енді egov.kz және 42500.enbek.kz-тегі мәртебеде (статуста) ақша жіберілгенін және қандай банкке жіберілгенін көруге болатыны жайлы айтып өтті.

Яғнни, өтінім мақұлданған және ақша жіберілген жағдайда, мәртебесі 5 қадам жасыл түспен көрсетіледі, ал төменгі жағында 42500 теңге қандай банкке жіберілгені жазылады. Ал егер картада түсімдер жоқ болса, банкке хабарласуға болады.

«Егер өтінім мақұлданған болса, бірақ шот нөмірінде қате болса, мәртебеде 5 қадамды сары түспен көрсетеді, төменде дұрыс шот нөмірін алу үшін не істеу керек екені туралы ақпарат көрсетіледі. Мұндай қателіктердің бір бөлігін біз өзіміз анықтаймыз, бірақ бір бөлігін көре алмаймыз және банктер ақшаны қайтарады. Сонда біздің базамыз арқылы немесе СМС арқылы басқа шоттарды іздеуге тура келеді», – деп жазды Нариман Мұқышев.

Новости партнеров