|
05.09.2023 | 10:46
616

Атырауға Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар ұшып келді

Тұрғындар мен орнитолог мамандар бұл ерекше құсты қала маңынан көру сирек кездесетін құбылыс екенін айтады

Атырауға Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар ұшып келді facebook.com

Атырауға Қызыл кітапқа енген бір топ қоқиқаз ұшып келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, байырғы тұрғындар мен орнитолог мамандар бұл ерекше құсты қала маңынан, мұнай өңдеу зауытының жанынан көру сирек кездесетін құбылыс екенін айтады.

Күз мезгілінде жылы жаққа ұшар кезде қоқиқаздар тобының демалатын орны Атырау қаласының маңындағы мұнай өңдеу зауытының жанында орналасқан «Сасық сай» булану алаңы болған. Қазір булану алаңында әкімдік пен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Tazalyq экологиялық жобасын іске асыруда. Жоба Атырау қаласының экологиялық ахуалын жақсартып, қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған. Орнитологтар құстардың ұшу кезінде демалу үшін булану алаңын таңдауына алаңдауға негіз жоқ екенін айтады, бұл жерде оларға қажет табиғи тағам – ұсақ шаянтәрізділер бар.

«Қоқиқаздардың қонуына қарағанда, демек, сол алаңда қоректері бар деп болжауға болады. Ол жерде қоқиқаздарға азық болатын өсімдіктер мен микроағзаларды өсіретін микробиологиялық процестер жүріп жатыр», - дейді «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығы ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Илья Бофонов.

Қызыл кітапқа енгізілген жабайы құстар тобының пайда болуы булану алаңындағы экологиялық жағдай жақсарғанының белгісі болуы да мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

қоқиқаз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир