|
26.04.2019 | 10:53
11057

Ұлттық банк монеталардың жазуы өзгерді

Монеталар дизайнын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 20 наурызда мақұлдады

Ұлттық банк монеталардың жазуы өзгерді Tengrinews.kz

ҚР Ұлттық Банкі биыл 26 сәуірде 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік монеталарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Монеталардың дизайнын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 20 наурызда мақұлдады.

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы №162-VI ҚРЗ ҚР Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына өзгеріс енгізілді, ондағы «ҚАЗАҚСТАН» сөзі латын графикасының негізіндегі әліпбиге «QAZAQSTAN» деп 

 өзгертілді. «QAZAQSTAN» деген жазуы бар Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану туралы талап 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы теңге монеталары дизайнының міндетті элементі болып табылатындықтан, Ұлттық Банк 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген айналыстағы монеталарды айналысқа шығару туралы шешім қабылдады, олардағы жазулар латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып мемлекеттік тілде орындалған», - деп түсіндірді Ұлттық Банк өкілдері.

Айналыстағы монеталардың сырт жағында (реверсінде) «QAZAQSTAN» деген сөзі бар Елтаңба бейнеленген, сондай-ақ шығарған елді білдіретін «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазу бар. Айналыстағы монеталардың бет жағында (аверсінде) монеталар номиналының цифрлық бейнеленуі, сондай-ақ ұлттық валютаның «TEŃGE» деген атауы мен шығарған банк атауының қысқартылған белгісі «QUB» (Qazaqstan Ulttyq  Banki) бар мәтіндік жазулар орналасқан.  

2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 100 теңгелік айналыстағы монеталардың қырында (гуртында) «JÚZ TEŃGE» деген жазу бар.  Айналыстағы монеталардың техникалық және заттай өлшемдері: массасы, диаметрі, қалыңдығы, металл құймасы өзгеріссіз сақталған. Төлем терминалдарын және басқа да кассаны қосымша қайта теңшеу талап етілмейді.  

«Ескі және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар заңды төлем құралы болып табылады және барлық төлем түрлері бойынша қабылдануға міндетті», - деді Ұлттық банк өкілдері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир