Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы кезектен тыс XІV съезінде 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Президент сайлауына кандидат ретінде Жамбыл Ахметбековты бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2011 жылғы сайлауда да Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековты ҚР Президенттігіне кандидат етіп тіркеген болатын.
Жамбыл Әужанұлы Парламент Мәжілісінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
1961 жылы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке селосында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған. 1983-1987 жылдар аралығында - Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын кеңшары космсомол комитетінің хатшысы.
1987-1990 жылдар аралығында - Қазақстан Компариясы Қорғалжын аудандық комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы.
1990-1992 жылдар аралығында - Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1992-1994 жылдар аралығында - Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1994-1997 жылдар аралығында - Қорғалжын аудандық әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1997-1998 жылдар аралығында - автомобилге жанар-жағар май құю стансасының механигі.
1998-2001 жылдар аралығында - Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейының взвод командирі, директордың әскер-техникалық дайындық жөніндегі орынбасары.
2001-2002 жылдар аралығында - Дружба орта мектебі директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары.
2002-2003 жылдар аралығында - аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері.
2003-2005 жылдар аралығында - Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы.
2005-2011 жылдар аралығында - Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы.
2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. Отбасылы, төрт баласы бар.