АЭС құрылысы Қазақстанның экономикалық әлеуетін жақсартады

Almaty.tv
Almaty.tv

Маман атом электр станциясының ел экономикасы үшін артықшылықтарын атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

16 тамызда Алматыда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша 19-шы жария талқылау өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова атом электр станциясының ел экономикасы үшін артықшылықтарын атап өтті.

- Өткен жылы Қазақстан Ресей Федерациясынан тұтынылатын энергияның 115 млрд кВт.с-тан шамамен 2 млрд кВт-с сатып алды, - деді. 

Сонымен қатар сарапшы Қазақстанның көрші елдерге энергетикалық тәуелділігін атап өтті.

Еске сала кетейік, БАӘ мен Түркия өз аумағында алғашқы атом электр станцияларын салып жатыр. Көрші елдерден Өзбекстан да ел экономикасын қолдау үшін атом энергиясын пайдалануды жоспарлап, талқылау жүргізуде. Өз аумағында 56 атом электр станциясы бар Қытай тағы 25 жаңа атом станциясының құрылысын бастады.

Айта кету керек, Қазақстан Қытайдағы атом электр станциясында қолданылатын дайын ядролық отынды өндіреді.

Әлемдік статистикаға сүйене отырып, Мурсалова "көрші мемлекеттердің электр энергиясына тәуелді болмау үшін біз энергия өндіруді өз бетімізше қамтамасыз етуіміз керек" деп қорытындылады.

2024-2030 жылдарға арналған баланстың болжамы бойынша биыл Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 118,3 млрд кВт.с өндірген кезде 120,6 млрд кВт.с құрайды, бұл 2,4 млрд кВт.с мөлшеріндегі тапшылыққа алып келеді.

Оқи отырыңыз: АЭС-тің Балқаш көліне кері әсері бар ма?

Новости партнеров