Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстандағы ішкі тұрақты теміржол қатынасына енгізілген шектеу шараларын біртіндеп жұмсартылуына қатысты жекелей тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алдында жолаушылар тасымалы қызметін коронавирус ауруының деңгейі күрт төмендеуіне байланысты қайта жандандыру, онда да жеңілдік талаптары кезең-кезеңімен қарастырылатыны бірнеше рет айтылды.
«Ішкі тұрақты теміржол қызметтерінің қайта жанданған күнінен бастап 100 мыңнан астам жолаушылардан сауалнама алынды. Жолаушылар арасында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Осыған орай, үстіміздегі жылдың 10 маусымнан бастап жолаушыларды шығарып салушыларды теміржол вокзалдарына жібермеу туралы талап алынып тасталды. Сонымен бірге санитарлық-карантиндік талаптарды қатаң сақтау қажет: әлеуметтік қашықтық, маска режимі, вагондар арасындағы жолаушылар қозғалысын шектеу, олардың көптеп шоғырлануын болдырмау, дезинфекцияны күшейту және тағы басқалары», – деді Байғабылов.
Теміржол станциялары ғимаратына дене қызуы өлшенген соң ғана кіруге болады.
«Биыл 10 маусымынан бастап жолаушылар пойыздарындағы (электр пойыздарындағы) мейрамхана мен вагон-бар жұмыс істей бастайды. Бірақ жолаушылар вагондармен ары-бері жүрмейді, қажетті тамаққа алдын ала тапсырыс беру арқылы ол жолаушыға жеткізіледі. Вагондар мен вагондардың жұмысы санитарлық-дезинфекциялық режимді және басқа шектеулерді қатаң сақтауы тиіс. Теміржол көлігіндегі жолаушылар санитарлық-карантиндік шараларды сақтамаған жағдайда олар қайтадан қатайтылады», – деп ескертті Көліктегі бас санитарлық дәрігер.