«Қорғас» шекарасында контрабандалық тауарларға тосқауыл қойылды

«Қорғас» шекарасында контрабандалық тауарларға тосқауыл қойылды
41 жастағы әйелдің «Ниссан» автокөлігінен 7.62 калибрлі 36 дана оқ-дәрі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен тәулікте шекарашылар «Қорғас» Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында ірі көлемде елімізге контрабандалық тауар енгізіп, дәрілік шөптер шығармақ болған қылмысқа тосқауыл қойып, жекелеген азаматтың көлігінен 36 дана оқ-дәрі тауып алды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

20 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы елімізге 11 дана «RIMAX» бейнекамерасын және әртүрлі заттарды алып өтпек болған. Алайда жалпы құны - 259 300 теңгеге бағаланған заңсыз тауар тәркіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.

Ал 47 жастағы Қазақстан азаматы жалпы салмағы 10 440 гр (315 000 теңгенің) «ПИЯУ» дәрілік шөбін шекарадан өткізгелі жатқан жерінен ұсталып, Панфилов аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Шекара наряды сондай-ақ 41 жастағы қазақстандық әйелдің «Ниссан» автокөлігін тексеру барысында орындық астына тығылған 7.62 калибрлі 36 дана оқ тауып алды. Ол айғақ заттарымен бірге аудандық полиция бөліміне тапсырылды.



Новости партнеров