Екпінді жел, қатты жаңбыр: үш өңірде республикалық маңызы бар жол жабылды

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Күре жолдарда 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмыс атқарып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың 8 учаскесі жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол қозғалысын шектеуге қатты жел мен жаңбыр себеп болған. Күре жолдарда 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмыс атқарып жатыр. Ал алматылық тәртіп сақшылары ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Биыл 10 айда қалада 2 мың 991 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 84 адам қаза тапты. Тағы 3 мың 211 адам жарақат алған.

– Ауа райының нашарлауы бірінші кезекте жол жағдайына әсер етеді. Осыған орай, жүргізушілерге көліктерін қыс маусымына алдын ала дайындап, дөңгелегін ауыстыруға шақырамын. Ал негізгі мақсат – жол қозғалысы ережесін сақтап, көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеру. Бұл қала жолдарындағы қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектеседі, – деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Оқи отырыңыз:  Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жолдады

Новости партнеров