|
14.05.2019 | 11:43
6896

Түркістан облысында 21 мың теңге жәрдемақы үшін әйелдер күні-түні кезек күтуге мәжбүр

39013 адам құжатын өткізсе, 20596 өтініш қабылданып, 19 799-ы жәрдемақыға қол жеткізген

Сәуір айы басталғалы Түркістан облысы, Қаратау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының алды күнде даудан арылмайды. Атаулы әлеуметтік көмектен дәмелілер 1,5 айдан бері жәрдемақыға құжат тапсыра алмай, сенделіп жүргендерін айтады. Оған себеп, мұндағы қабылдау кезегінің бір жүйеге келтірілмегендігі. Сондықтан да халық өздігінше әрекетке көшіп, күні-түні орталықты торуылдап, көк дәптерге тіркеледі екен, деп хабарлайды Otyrar.kz

Мына жерде сол бүгінгі көк дәптерге сыймай қалғандар келесі және арғы күндерге жазылып жатыр. Осылайша, күні-түні Қаратау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына түнеп, дәптерден-дәптерге жазылып жүрген әйелдер мұндай бассыздықты осындағылар әдейі қолдан ұйымдастырып отыр деп ашынады.

Ашынған халықты сабырға шақырып, тәртіп орнату үшін мұндағы қызметкерлер тәртіп сақшыларының қызметіне жүгінуге мәжбүр.

Орталықтағы тәртіпсіздікті ретке келтіруге тырысып баққан тәртіп сақшылары дауысы қарлыққанша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп әлек. Тіпті, есіктің алдына тұрып, көк дәптерге шұқшиып кезекті өздері бақылап тұруға мәжбүр. Ал халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары болса, құжат қабылдауда ешқандай келеңсіздіктер болмаған, бәрі өз деңгейінде жүріп жатыр деп ақталды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айынан бастап әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар мен көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақының тәртібі өзгеріп, мөлшері біршама артқан болатын. Осы уақытқа дейін әлеуметтік жәрдемақыдан үмітті 39013 адам құжатын өткізсе, солардың 20596 -ның өтініші қабылданып, 19 799-ы жәрдемақыға қол жеткізген. Қалған азаматтардың төлемдері ай соңына дейін толығымен төленеді деп жоспарланған.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

очереди
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир