Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 15-тен 49 жасқа дейінгі әйелдерге алкогольді ішімдік ішуді тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Алкоголь ішумен күресудің ғаламдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, балалар, жүкті әйелдер және бала көтеру жасындағы әйелдер арасында алкогольді тұтынудың алдын-алуға ерекше назар аудару керек. Сарапшылар ішімдіктерді ішу денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, түрлі аурудың пайда болуына әкеліп соғатынын айтады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық та ішімдік ішудің кесірінен болып жататынын алға тартты.
«Жүктіліктің алғашқы айларында ішімдікті ішу ағзадағы қалыпты жұмыстың бұзылуына әкеп соғады. Атап айтқанда, организмнің алкогольді табиғи түзу спектрінің жұмысы нашарлайды. Ішімдіктерді бүкіл адамзаттық деңгейде тыйым салуға шақырамыз. Балаларыңыздың дені сау болуы үшін ішімдіктен бас тартуға тиіссіздер», − делінген ұйымның хабарламасында.
ДДҰ-ның соңғы зерттеулеріне сәйкес, ішімдік жиі тұтынатын жүкті әйелдердің сәбиі көбіне өлі туған. Сондай-ақ, жаңа туған нәрестелердің ішкі ағзаларының айқын ауытқушылығы көп болған. Сарапшылар бұл мәселе жас қыздар немесе жүкті әйелдер арасында алкогольді шамадан тыс тұтынудан туындайды деген қорытындыға келді. Ұйым барлық мемлекетті бұл бастаманы қолдауға шақырды.
Британдық «Portman Group» алкогольді сату ұйымының маманы Мэтт Ламберт ДДҰ-ның бұл ұсынысы әйелдердің бас бостандығын шектейтінін айтты.
«ДДҰ-ның бұл ұсынысы сексистік және патерналистік сипатқа ие әрі көптеген әйелдердің бостандығын шектейді», − деді М. Ламберт.
Ұлыбританияның денсаулық сақтау саласының үздік мамандары жүкті және бала сүйгісі келетін әйелдер үшін алкогольден мүлдем бас тартқан жөн екенін айтады. Ғалымдар әлемдегі әрбір оныншы жүкті әйел ішімдік ішеді деген қорытынды жасаған.