Қызылорда облысында азаматтардың 35 млн теңгесін алдап алғандар ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қызылорда облысында азаматтардың 35 млн теңгесін алдап алған алаяқтар ұсталды. Полиция қызметкерлері олардың 17 дерек бойынша күдікті екенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қос азамат жәбірленушілерден "мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға көмектесемін" деген сылтаумен қомақты қаржы иемденіпті. Полицияға арызданған азаматтардың бірі тіпті осындай желеумен 7 миллион теңгеден айырылғанын айтқан.


– Аталған дерек бойынша тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Ұсталған күдіктілердің облыс аумағында жасалған алаяқтықтың 17 дерегіне қатысы бары анықталды. 35 млн теңге материалдық шығын келтірген. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді қалалық Полиция басқармасы жедел-тергеу тобының тергеушісі Ерболат Пірмағанбетов.


Елде басқа біреудің атынан несие рәсімдеу фактілері көбейген. Соңғы бес жылда Қызылорда өңірінде интернет алаяқтық фактісімен 1449 қылмыс тіркелсе, оның 146-ы ғана сотқа жолданған. Құқық қорғау органдарының сөзінше, тіркелген қылмыстың 16 пайызы ғана ашылған көрінеді. Осы ретте прокуратура өкілдері аталған мәселеге байланысты екінші деңгейлі банк басшыларын бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

– Банкке мүдделі болып келіп тұрған адамнан өндірген өте тиімді. Олар қылмыскерді, алаяқты іздеп жүруге мүдделі емес. Оны құқық қорғау органдарының қызметі деп біледі, сондықтан осы кезге дейінгі интернет алаяқтыққа күшіміз сәл жетпей келді. Енді таап қойылғаннан кейін, жол берілмейді деп есептейміз, – деді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Батырбек Нұрмағамбетов.







Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда вейп сатқандар ұсталды

Новости партнеров