Ертіс өзенінде жаппай инеліктер ұшып келетін шілде айында ғана 40% хлорофосы бар «Агран» инсектицидімен өңдеуді шектеу жоспарлануда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Зерттеу тобының жетекшісі, өнеркәсіптік биосинтез ҒЗИ директорының орынбасары Аманжол Ульянов бірнеше күн бұрын шыбын-шіркейлерді улау жұмыстары жүргізіліп жатқан шағынаудандарға Зеленстрой қосылғанын айтады.
«Ғылыми топ қаланың 43 саябағында және Зеленстрой, Дачный, Усольский шағынаудандарындағы құрттардың және қанатты жәндіктердің санын қадағалайды», – дейді ғалым.
Бірнеше күн бұрын Зеленстрой аумағындағы 2 және 3-ші сатылардағы дернәсілер және Зеленстрой аумағында шыбындардың имагосы табылды. Мұнда 1,5 мың гектар жер бар. Олар дернәсілдер ғана емес, қанатты жәндіктерді де улайды. Мамандар сағат 12-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс істейді, сондықтан біздің жұмысымыз байқалмайды. Түн ортасынан кейін мердігердің жұмысына назар аударамыз, егер тиімділігі жақсы болса, бір аптадан кейін улауды жалғастырады.
Ғалымдардың пікірінше, 40 пайыздық хлорофосы бар «Агран» инсектициды жұртшылық үшін зиянсыз, бірақ инелік шыға бастағанда қансорғыштарды улау жұмыстары сәл бәсеңдейді.
Сондай-ақ, күшті желдерде және жаңбыр кезінде жұмыс тоқтатылады. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Есей Файзолланың айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Павлодарда шыбын-шіркей азайған.
Қансорғыштармен күрес сәуір айында басталды және бүгінге дейін тоқтамады.
«Ғылыми топтың ұсынымдарына сәйкес, «Базарбай» мердігер ұйымы саябақтарда, алаңдарда, сондай-ақ Павлодар аумағындағы таяз суда іс-шаралар өткізіп жатыр. Жұмысты қатаң бақылауда ұстаймыз. Осы жазда шыбын-шіркейлер аз болады деп үміттенеміз», – деді Есей Файзолла.