Белгілі кинооператор және режиссер Игорь Вовнянко өмірден озды
Фото: ашық дереккөзден
Оның есімі отандық киноиндустрия саласының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген нағыз кәсіби маман ретінде мәңгілік есте сақталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі қазақстандық кинооператор, фотограф, режиссер Игорь Вовнянко 80 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін, 80-ге қараған шағында танымал қазақстандық кинооператор, режиссер, Қазақстан кинематографистері Одағының басшысы Игорь Вовнянко қайтыс болды. Игорь Александрович Вовнянконың есімі отандық киноиндустрия саласының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген нағыз кәсіби маман ретінде мәңгілік есте сақталады. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын», – делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33