Қостанайда көпқабатты үйден өрт шығып, ер адам қайтыс болды (видео)

Газдан уланған 1923 жылғы әжей ауруханаға жеткізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысының Лисаков қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды newtimes.kz.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, өрт 4 қабаттағы пәтердің бірінен шығып, балкон арқылы 5 қабатқа көтеріліпті.

Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыған.

20 адам эвакуацияланды. Олардың бесеуі балалар.

Нұрахметовтің сөзінше, мамандар өрт сөндіруді сағат 21:14-те бастап, 1 сағаттай уақытта толықтай ауыздықтаған.

Ол пәтерден 1968 жылғы ер адамның денесі табылғанын айтты.

Газдан уланған 1923 жылғы әжей ауруханаға жеткізіліпті.

Алдын ала болжам бойынша, өрт темекі шегіп, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан туындаған.

Оқиға орнына 14 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылған.


Новости партнеров