Былтыр Қазақстаннан 42 мыңға жуық азамат көшіп кеткен

Былтыр Қазақстаннан 42 мыңға жуық азамат көшіп кеткен
Ал Қазақстанға келгендердің саны – 12 785 адам
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдері 2018 жылы елден қанша адамның кеткенін айтты деп жазады Tengrinews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2018 жылы Қазақстаннан 41 894 адам көшіп кеткен. Олардың 37 754-і ТМД елдеріне қоныс аударыпты. Шығыс Қазақстан облысының 6 272 тұрғыны, Қостанайдың 6 057 тұрғыны және Қарағанды облысының 5 664 тұрғынының басқа елдерге кеткені айтылады.

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың көбі Ресейге кетіп жатыр. Онда 36 796 адам көшкен, Германияға 2 691 адам, Беларуське 343 адам және АҚШ-қа 339 адам кеткен.

Ал Қазақстанға келгендердің саны – 12 785 адам. Көбі Алматы қаласына көшіп келген - 1 817 адам. Бір жылдың өзінде Алматыға 1 447 адам келсе, Маңғыстау облысына 1 621 адам келген.

Сондай-ақ, Қазақстанға көбіне Өзбекстан (4 407 адам), Ресей (3 903 адам), Қытай (1 366 адам) және Қырғызстан (1 366) тұрғындарының келгені айтылады.

Новости партнеров