Абайдағы 7 жасар бала зорлығы: Қызметінен шеттетілген мектеп директоры орнына қайтып келген

Абайдағы 7 жасар бала зорлығы: Қызметінен шеттетілген мектеп директоры орнына қайтып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының атышулы Абай ауылында 7 жасар баланың зорланғаны белгілі болғаннан кейін қызметінен шеттетілген мектеп директоры бүгінде қызметіне қайтып келген. Сонымен қатар, Бейбіткүл Селтановаға амалсыздан жұмыста бола алмағандықтан, қызметінен шет қалған уақытындағы жалақысы төленетін көрінеді. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Абай ауылында 7 жасар баланың зорланғаны белгілі болып, шу болған кезде мектеп директоры Бейбіткүл Селтанова да қызметінен шеттетілген еді. Алайда, ол сот үкімі шықпай жатып қызметіне қайта жайғасқан. Дәл осы жайт мектепте шу тудырыпты.

«Соттың шешімі бойынша орналастырылды. Білім бөлімінен екі адам келіп отыр. Сотталушының анасы жанжал шығарып жатыр деді. Барсам, айқай-шу болып жатыр екен», – дейді аталған мектепте директор міндетін уақытша атқарушы Бибіайым Қойлыбаева.

Айта кетсек, 7 жасар баланың зорланғаны туралы іске жуырда нүкте қойылып, сот шешімі шыққан еді.

Ал жәбірленген тарапқа қорғаушы болған Құрманғазы Мүсір оқиғаға байланысты шеттетілген қызметкерлердің орнынан кетпегенін айтып отыр. Тіпті, кей полиция қызметкерінің қызметі өсіпті.

Ал Бибігүл Селтанова өзінің ақталуы дұрыс екенін айтуда.

«Кінәм жоқ екені дәлелденді. Сотта ол оқиғаға еш қатысым жоқ екені дәлелденді. Апелляциялық шағым түсіргенмін. Бұйрық бойынша орныма келдім. Бірақ директорлықтан бас тартатыным туралы жаздым да, мұғалім болып, бір үстемемен қала беретінімді айттым», – дейді Селтанова.

Бибігүл Селтанованың қызметіне қайтып келгенін Келес аудандық білім бөлімі де растады. Тек артынша өз еркімен мұғалімдікке ауысты дейді.


Новости партнеров