ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың мобильді аударымдарына салық бақылауы қандай өлшемшарттар бойынша және қандай мерзімде жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылы Мемлекеттік кірістер комитетіне банктерден банктік шоттарына кәсіпкерлік қызметке байланысты ақша түсетін азаматтар туралы мәлімет түсе бастады.
- Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін айқындау өлшемшарты жеке тұлғаның үш ай қатарынан ай сайын әр түрлі тұлғалардан жеке банктік шотқа 100-ден астам аударым алуы болып саналады, – деп түсіндірді Комитет өкілдері.
Ақпарат банктерден кезең-кезеңмен беріледі:
Бүгінгі таңда ақпарат тек мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша алынды.
Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, бақылау шарасы адал салық төлеушілерге әсер етпейді және жасырын кіріс пен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған.
Бұл ретте жеке тұлға өздерінің жеке мақсаты үшін мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша).
Оқи отырыңыз: Ақтауда тыңайтқыш өндіретін кешен салынады