|
19.02.2019 | 12:53
4174

Жұмыссыз аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы

Егер баланың анасы жұмыс істемесе, оған бала туғаннан кейін жәрдемақы тағайындалады

Жұмыссыз аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы

Егер баланың анасы жұмыс істемесе, оған бала туғаннан кейін жәрдемақы тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Аналардың бала туғаннан кейінгі алатын жәрдемақылары:

- бала туғанда берілетін бірреттік мемлекеттік жәрдемақы, көлемі: бірінші балаға, екінші балаға, үшінші балаға - 95 950 теңге, төртінші және одан да көп – 159 075 тенге;

2018 жылы осындай жәрдемақы 395 мың адам алды. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының көлемі 38% өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге 42 млрд теңге қарастырылды;

- ай сайын төленетін 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы; кезек ретіне орай ай сайын берілетін жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгені құрады.

2018 жылдың қортындысы бойынша, 30 млрд теңге көлеміндегі бұл жәрдемақыны 125 мың адам алды.  Соңғы 3 жылда жәрдемақының көлемі 19% өсті.

2019 жылы бұл жәрдемақыны төлеуге 34 млрд. теңге қарастырылған.

Төлемақыны тағайындау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, сондай-ақ, Үкіметтің электронды порталы рақылы да рәсімдеуге болады.

Онымен қоса, 2018 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бала туу бойынша жаңа қызмет түрі енгізілді. Енді азаматтар жолға, ұзын-сонар кезекке уақытын кетірмей, құжаттарын жинап жүрмей-ақ жәрдемақыны 5 минуттың ішінде sms хабарлама арқылы рәсімдей алады, хабарлама ананың ұялы телефонына келіп түседі.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир