50 млн теңге жинап алған: Алматыда алаяқ әйел ұсталды
Ол өзінің жоспарын 2015 пен 2019 жылдары Бостандық ауданының аумағында жасап келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласы Полиция департаменті "мемлекеттен пәтер алып беремін" деп, ел-жұртты алдаған әйелдің ұсталғанын мәлімдеді. Елдің сеніміне әбден кірген келіншек алматылықтардан 50 млн теңге жинап алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
33 жастағы әйел аса ірі көлемде алаяқтық әрекетке барды деген күдікке ілініп отыр. Ол өзінің жоспарын 2015 пен 2019 жылдары Бостандық ауданының аумағында жасап келген. Ол тіпті ақша алған адамдарына тұрғын үй инспекциясы, қалалық әкімдік арқылы мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана аласыз деп уәде етіп келген көрінеді. Бүгінде оған қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал, суреттегі келіншекке алданған тағы адамдар болса құзырлы органдарға хабарласуларыңызға болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:15
Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі
26.09.2026 17:11
Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді
26.09.2026 14:51