|
23.08.2019 | 15:45
2904

Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық белгілі болды

Сарапшылар республикада сұранысқа ие он мамандықты атады

Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық белгілі болды

Қазақстанда ең көп таралған мамандық – мектеп мұғалімі. Елдегі әр жиырмасыншы жалдамалы қызметкер орта білім беретін мекемелерде жұмыс істейді. Қазақстан мектептерінде балалар мен жасөспірімдерді 352,2 мың мұғалім оқытады, деп хабарлады Sputnik.

Екінші орында бухгалтерлер, Қазақстанда олардың саны – 268,2 мың адам немесе әрбір 25-ші қызметкер.

Үшінші орында супервайзерлер, дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері. Олардың саны – 256 мың адам.

Халық жаппай игерген 10 мамандық қатарына жатады: жеңіл көлік, такси және фургон жүргізушілері - 236,6 мың адам, күзетшілер – 219,7 мың адам, кеңсе қызметкерлері – 139 мың адам, орта буынды медицина қызметкерлері – 128,8 мың адам, балабақша тәрбиешілері – 119,2 мың адам, ауыл және орман шаруашылығы, балық аулау саласында істейтін жұмысшылар – 113,4 мың адам, жүк көлігі жүргізушілері – 105,6 мың адам.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны – 8,8 миллион адам. 15 жастан асқан азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейі - 66,7%.

Олардың көпшілігі жалдамалы қызметкерлер - 76,1% немесе 6,7 миллион адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 23,9% немесе 2,1 миллион адам.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир