|
29.06.2020 | 21:57
8212

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары салықтан босатылады

Бұл туралы Aқпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары салықтан босатылады egemen.kz

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары қазан айына дейін салықтан босатылады. Бұл туралы Aқпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Балаева БАҚ-қа қолдау көрсетілетінін айтады. Себебі, оның айтуынша, баспасөз жарнамадан түсетін табыстың 60 пайызынан айырылуы мүмкін.

«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында бүгін Парламент 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін еңбекке ақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босатуды қарастыратын заңнамаға түзетулерді мақұлдады. Парламент заң жобасын қабылдады, оның аясында коммерциялық теле, радиоарналарды аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін босату қарастырылған»,  – деді министр халық алдындағы есептік онлайн-кездесуде.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир