|
04.02.2019 | 16:20
3548

Алматыда 133 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды

В городе проводится комплексная работа по повышению прозрачности деятельности кооперативов собственников квартир

Алматыда 133 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда Тұрғын үй саясаты басқармасы өз міндетін орындамаған 133 ПИК-ті жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды inform.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кооперативтер қыс басталғалы бері аулаларын қардан тиісті дәрежеде тазаламаған. Қаладағы көгалдандыру және абаттандыру ережесіне сәйкес барлық жүргінші жолдары, аула аумақтары, көлік жолдары қар түскен соң тез арада тазалануы керек.

Егер көктайғақ болса, құм немесе тұз себілуі тиіс. Сонымен қатар ПИК-тер шатырдағы мұз сүңгілерін де тазалауға міндетті. Мұз сүңгілерін тазалау үшін ақы талап еткен «Жансая» ПИК басшылығы жауапкершілікке тартылды.

2018 жылы 306 ПИК жұмысы тексерілген болатын. Нәтижесінде 151 ескерту жасалып, айыппұлдар салынды.

Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша, тұрғындар егер ПИК жұмысына көңілі толмаса, бірігіп ПИК төрағасын жұмыстан шығара алады.

Сонымен қатар, кооператив құрамынан шығып, басқа кооператив таңдай алады. Тұрғын үй басқармасынан толық ақпаратты 224-14-04, 225-14-31, 225-12-04 телефондары арқылы білуге болады.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир