Теңіз кенішіндегі жарылысқа байланысты 4 мың қызметкер демалысқа жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Сынақ жүргізген мердігер ұйым жұмысын уақытша тоқтатты. Бүгінде 4 мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді.
«Болған оқиғадан кейін жұмыс ішінара тоқтатылды, жұмысшыларға осы күндерге жалақы төленетіні ескеріліп, үйлеріне жіберілді. Оқиғаның себебін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Мұндай жағдай бізде алғаш рет орын алып отыр», - деді «Senimdi Kurylys» ЖШС Өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері Гүлмира Бапанова.
Оқыс оқиға «Senimdi Kurylys» ЖШС қызметкерлері вахтасының аяқталуына екі күн қалғанда орын алды.
Естеріңізге саламыз, 6 шілде таңертең Теңіз кенішіндегі жарылыс болып, екі адам қаза тапты, тағы үш адам ауруханаға түскен болатын.