Арыстағы жойқын жарылыс: Тоқаев шұғыл тапсырма берді

Арыстағы жойқын жарылыс: Тоқаев шұғыл тапсырма берді
Мемлекет басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет деп мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», – деп жазады Президент өзінің twitter парақшасында.

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін жариялады.


Новости партнеров