Елімізде кітап алмасу мәдениетін дамыту мақсатында тың жоба бастау алды

Елімізде кітап алмасу мәдениетін дамыту мақсатында тың жоба бастау алды
Биыл жыл соңына дейін кітап сөрелерін елдің 17 қаласында орнату жоспарда бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық букроссинг шарасы негізінде Алматы қаласының ойын-сауық орталықтарының бірінде арнайы кітап сөресі орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Соның арқасында кез келген оқырман мұндағы өзін қызықтырған еңбекті алып кете алады. Бірақ оның орнына не басқа кітап қоюы қажет, не болмаса оқып бітіргеннен соң қайта орнына әкелуі тиіс. Шараның мақсаты да осы. «Осылайша елімізде кітап алмасу мәдениеті артады», - дейді ұйымдастырушылар.

«Елімізде бұл мәдениет түрі дамымаған. «Букроссинг» жобасы осы бағытта қолға алынып отыр. Демек оқырман шкафта тұрған кітаптарды қайтарымсыз алып кетпей, оның орнына басқа оқулық алып келуі қажет. Болмаса оқып біткеннен кейін орнына қою керек деген ережелерді әр кітаптың мұқабасына түсінікті етіп жазып қоямыз», – деді «Social Development Center» әлеуметтік қорының атқарушы директоры Біржан ҚАЗТҰРҒАНОВ.

Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамалар орталығының» гранттық қаржыландырылуы есебінен жүзеге асты. Қазірдің өзінде Алматыда осындай сөренің 9-ы орнатылса, елорда мен Шымкентте бес бестен бар. Олар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, «Жібек Жолы» метро стансасында орналастырылған. Әлеуметтік жоба аясында биылғы жылдың аяғына дейін кітап сөрелерін елдің 17 қаласында орнату жоспарда бар.  

Новости партнеров