Алматыда Орталық Азия елдерінің экологиялық форумы өтті

Алматыда Орталық Азия елдерінің экологиялық форумы өтті
Онда жердің құнарсыздануы мен климаттың өзгеруі талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жердің құнарсыздануы - бүгінде күллі әлемді алаңдатып отырған мәселе. Климаттың өзгеруі, Орталық Азиядағы әр алуандықты сақтау жайттары Алматыда өткен үш тарапты келіссөздер аясында талқыға салынды,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алқалы жиында жердің тозуына жол бермеудің амалдары қарастырылып, өзге ел мамандарымен тәжірибе алмасылды. 15 жыл ішінде осы процестерді жою мақсатында елімізде халықаралық ұжымдармен бірлесе жасалған 30-дан аса жоба қолға алынған. Оның құны 50 миллион доллардан астам. Соның ішіндегі ең маңыздысы – Арал теңізінің мәселесі.

«Арал теңізінің бүгінгі құрғаған жердің жағдайы. 2008 жылдан 2014 жылға дейін 56 мың гектар жерге сексеуілден орман отырғыздық. Біз бұл жүмысты әрі қарай жоспарлауды жалғастырамыз. Кореяның орман қызметтерімен өткен жылы 10 мың гектер ектік, биыл 3 мың гектар отырғызу жоспарлап отырмыз», – деді Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан НЫСАНБАЕВ

Орталық Азия елдерінің қатысуымен өткен шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен 60-қа тарта сарапшы қатысты. «Жердің құнарлығы төмендесе, өнімнің көлемі де азаяды. Бұл экономиканың дамуына кесірін тигізеді», – деп отыр қатысушылар.

«Бүгін Қазақстандағы жердің 50 пайыздан 80 пайызға жуығы құнарсызданған. Бұл барлық салаға әсер етіп отырған көрінеді. Оның ішінде суды тиімді пайдалану жұмыстары да бар. Бұл проблеманы шешу жолында алда біршама жұмыстар атқарылады. Жердің құнарсыздануы – жалпы Орталық Азия елдеріне қатысты ортақ мәселе», – деді Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасының аға техникалық кеңесшісі Элли КОДСИ.

Новости партнеров