Елдің ертеңіне қатысты маңызды мәселелер халықтың талқысынан өтуі керек. Осы ұстанымды бағдар еткен қызылордалық ғалымдар кәсіпорындар мен орта арнаулы оқу орындарына барып, АЭС-тің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар қызметкерлерге электр энергиясының елдің оңтүстік өңірінде тапшы екенін жеткізді. Кездесуде сондай-ақ референдумның маңызы айтылып, ұжым мүшелерін толғандырған сауалдарға жауап берді.
– Әлемде 400-ден аса АЭС 30-дан аса елде қызмет етіп тұр. Ешқандай ақау болған емес. Сол себепті АЭС елімізді тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етеді, – деді химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов.
Өңірдегі профессор-ғалымдар да жастармен кездесіп, ашық талқылау жүргізуге көшкен. «АЭС – уақыт талабы» деген олар Қазақстанның 2050 жылға қарай көміртектік нейтралдылыққа қол жеткізуі керек екенін еске салды. Бұл міндет Париж конвенциясына сәйкес жүзеге асуы тиіс.
Оқи отырыңыз: АЭС салу еліміз үшін тиімді - сарапшы