Қарағанды қаласында бірнеше көше жарықсыз қалып, тұрғындар тіршілік нәрінен қағылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Облыс орталығында мұндай келеңсіздіктер соңғы уақытта жиі орын алатын болған. Көпшіліктің наразылығынан кейін шаһарда су біртіндеп беріле бастаған. Стансаны қайта іске қосу жұмысы қолға алынды.
Ал бұған дейін қаланың тең жартысы ішерге су таппай, қуат көзінен де ажырап қалған. Қазіргі уақытта жарық желісіндегі ақау жөнделіп жатыр. Ресми жауапқа сүйенсек, аталған мәселеге «Екінші аймақ» стансасындағы электр энергиясының жоқтығы себеп болды. Яғни, соның салдарынан су сору жүйесі жұмысын тоқтатқан.
Айта кетейік, биыл «Қарағанды Жарық» компаниясы тозған сымның 8 шақырымын қалыпқа келтіру үшін 580 млн теңге қаражат жұмсаған. Алайда оның өзінде мәселе шешілмеді.
- Қазіргі таңда «Қарағанды Су» қаражаты есебінен Қарағанды Энерго саласының қармағындағы Трудовая қосалқы станциясында әуе электр желілеріне орнату және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Барлығын іске қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін, екінші аймақтық сору станциясында "Қарағанды Жарық" пен "Қарағанды Энерго" саласының тармақтары әртүрлі. Бастау және трудовая қосалқы станцияларының төрттен бес кіріс болады. Тиісінше, бұл Қарағанды тұрғындарын үздіксіз сумен қамтуды арттырады, - дейді «Қарағанды Су» ЖШС қызметкері Еркебұлан Зақарин.
Оқи отырыңыз: Алматыда Абай даңғылы бойындағы аймақтардың бірінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі