Түзеу мекемесінің бұрынғы басшылары сотталды
Тараз қалалық №2 сотының үкімімен мекеме басшысына пара алды деген айып тағылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жеке кәсіпкерден пара алған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ ЖД-158/7 түзеу мекемесінің басшысы мен орынбасары сотталды, деп хабарлайды ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі.
«ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 31 мамыр күні Тараз қалалық №2 сотының үкімімен мекеме басшысына пара алды деген айып тағылған. Сот үкіміне сәйкес, ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, әділет подполковнигі атағынан да айырылды. Ал орынбасары әділет подполковнигі атағынан, өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылып, жазасын 7 жыл абақтыда өтейтін болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
20.09.2026 17:09
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53