Зейнетақы шотын бұғаттаймыз: БЖЗҚ жаңа алаяқтық әдісі туралы ескерту жасады

gov.kz
gov.kz
Жеке зейнетақы шоты ешқандай жағдайда бұғатталмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа алаяқтық әдісі туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 "Өзін "БЖЗҚ" АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толтыруды сұрайтын анықталмаған тұлғалардың бірлі-жарым қоңырау шалу жағдайлары басталды. Зейнетақы шоты, қоңырау шалушылардың айтуынша, сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеуге, шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалатын көрінеді", - делінген хабарламада.


 БЖЗҚ мұндай қоңыраулар мекме қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрайды.  

Сондай-ақ төмендегі заң тармақтарын естеріңізге саламыз:

  • "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.
  • "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.

 Сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлға азаматтардың жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинағын өндіріп алуы мүмкін емес. Жеке зейнетақы шоты ешқандай жағдайда бұғатталмайды.

Дереккөз: БЖЗҚ.

Новости партнеров