|
22.11.2021 | 13:45
568

Әлеуметтік желі арқылы танысқан: бойжеткенді үйіне шақырған жігіті тонап кетті

Қызылордада ер адам достарымен бірге әлеуметтік желі арқылы танысқан шымкенттік қызды тонап кетті

Әлеуметтік желі арқылы танысқан: бойжеткенді үйіне шақырған жігіті тонап кетті © pexels.com

20 қараша күні сағат 06:27-де Қызылорда қаласының полиция басқармасына Шымкент тұрғыны арызданған. Айтуынша, қызылордалық жігіт оның үйіне келіп, қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында жәбірленуші әлеуметтік желіде бір азаматпен танысып, оны өз үйіне шақырғаны анықталды. Шамамен 30 минуттан кейін қыздың үйіне екі ер адам – танысқан жігіті мен оның досы келген. Артынан тағы екі ер адам кірген. Төртеуі қосылып, қызды қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қаланың екі тұрғынын "ізін суытпай" ұстады. Олардан заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады, қамауға алынды.

Қазіргі таңда олардың сыбайластары іздестірілуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир