Заңгер Жангелді Сүлейманов Қазақстанның ішкі рейстеріне авиабилет тым қымбат екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан қалалары арасында ұшу құны Еуропа елдерімен салыстырғанда бірнеше есе қымбат. Оның өзінде, кейде Қазақстандағы қалалар арасындағы қашықтық Еуропадағыға қарағанда алыс емес, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Facebook-ке сілтеме жасап.
Заңгер еуропалық авиакомпаниялардағы бағаны анық көрсетті. Оның мәлімдеуінше, Австриядан Испанияға, Францияға, Италияға немесе Швецияға белгілі бір күндердегі рейс акциямен 6000 теңгеден аспауы мүмкін.
"Бұл ретте Еуропадағы орташа жалақы шамамен 2 000 еуро (шамамен 1 000 000 теңге), яғни бұл ақшаға 160 билет сатып алуға болады. Ал Алматы-Астана рейсіне билет шамамен 50 000 теңге тұрады, яғни рейс арақашықтығы Еуропадан қысқа, бірақ 9 есе қымбат. Біздің жалақымызды 250 000 теңге деп алған күннің өзінде, тек 5 билет алуға болады», - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Еске сала кетейік, қазақстандық әуе компаниялардың төңірегіндегі келеңсіздіктер үйреншікті жағдайға айналған. Жақында рейстің ұзаққа созылуы және жолаушы құқықтарының бұзылуы туралы азаматтардың көптеген шағымына байланысты қазақстандық компаниялардың біріне ірі көлемде айыппұл салынған болатын.
Оқи отырыңыз: Азаматтық авиация комитеті: Air Astana әуе компаниясына рейсті кешіктіргені үшін айыппұл салынды