Қазақ тілін мазақ қылған жарнама көрсеңіз хабарласыңыз

шартты сурет
шартты сурет
Қала әкімдігі «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі!» айлығының өткізілетінін жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен қаласының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2020 жылдың 19 мамыры мен 19 маусым аралығында қала көлемінде «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі!» айлығының өткізілетінін жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Айлықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру.

«Елінің ертеңі, ұлттық рухтың негізі болып табылатын тілінің тағдыры толғандыратын әрбір азамат айлық барысында бұл шарадан тыс қалмайды деген ойдамыз. Біз кәсіпкерлердің өткізіліп отырған шараға барынша түсіністікпен қарап, деректемелер мен көрнекі ақпарат көздерін тәртіпке келтіретініне кәміл сенеміз», –  деп хабарлайды бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осылайша күнделікті көріп жүрген, байқаған жазулар мен көрнекі ақпараттардағы тіл шұбарлаушылықтар жөнінде нысанның нақты мекенжайын, атауын көрсете отырып, al.omarova@akimvko.gov.kz электрондық почтасына жолдауды сұрайды.


Новости партнеров