Алматы полициясы жолаушының 1,5 млн теңгесін қайтарып берген жігітті марапаттады

Алматы полициясы жолаушының 1,5 млн теңгесін қайтарып берген жігітті марапаттады
Такси жүргізушісіне Алматы ПД бастығының атынан алғыс хат табыс етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының атынан шаһардың 23 жастағы тұрғынына алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қыземтіне сілтеме жасап.

Такси жүргізушісі 19 қыркүйекте екі қарт әйелді үйіне дейін жеткізіп салған соң жолаушылардың көлік ішінде көп ақша мен бағалы әшекей салынған шабадан қалдырып кеткенін байқайды.

Әйелдерді тауып, 1,5 миллион теңге мен алтын бұйымдарды қайтару үшін жас жігітке бір аптадан астам уақыт қажет болады. Жинаған ақшасының қайтып келетінінен үмітін үзген әжейдің ризашылығында шек болмапты.

Бұл факт Полиция департаментінің назарынан тыс қалмады. Әлинұр Бекарыс ведомствоға шақырылып, оған ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков қарсы алып, алғыс хатты табыстады. Баяндамашы жас жігіттің ата-анасына осындай жағдайда көрсетілген сезімталдығы мен тәрбиесі үшін алғысын білдірді.

«Мұндай жауапкершілігі мол жігіттер көп болса екен, сонда мемлекеттің болашағы үшін алаңдамауға болады. Осы әрекетің үшін саған рахмет!», – деді Әбдуәли Нашарбеков.

Новости партнеров