|
04.03.2021 | 14:14
2862

Актер Алмат Сақатов көпшіліктен көмек сұрады

Актер Алмат Сақатов жиенінің емі үшін көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Актер Алмат Сақатов көпшіліктен көмек сұрады stan.kz

Актер Алмат Сақатов жиенінің емі үшін көпшіліктің көмегіне мұқтаж. Сақатов халықтан кешірім сұрай отыра қол ұшын созуды сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.

«Ассалаумағалайкум! Ардақты ағайын! Заман түзуде ешкімге қол жайып көрмеп едім. Әпкемнің жылағаны ауыр тиді. Сырттан қарағанда өміріміз гүлдей. Бір жыл той тоқтап, концерт тоқтағалы осындай дәрежеге әкеліп соқты. Көмек сұрағанның бәріне көмектесе алмасақ та, бірталай адамға қол ұшын беріп едім. Көп емес жүз теңге салсаңыздар да тәубә.

Кешіріңдер! Көмектесем деген ағайын болса, нөмірі мынау - 87026388897. Ел аман жұрт тыныш болсын. Айналайын ағайын! Балаларыңыз ауырмасын! Әр түскен ақшаның түбіртегін жариялап отырам. Ұяттау нәрсе мен сияқты жігітке. Бірақ тығырыққа тірелдім. Не істеймін?» – деп жазды Алмат Сақатов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир