|
21.03.2023 | 14:17
454

Наурыз мейрамы — жыл басы

Бұл — ақжарма тілек пен бата жауатын күн

Наурыз мейрамы —  жыл басы Фото: liter.kz

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл басы, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурыз мейрамының тарихы.

Наурыз — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл басы. Бұл күні түн мен күн теңеседі. Көне парсы тіліндегі мағынасы - жаңа күн. Наурыз мейрамы шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. 2010 жылы БҰҰ 21 наурызды "Халықаралық Наурыз күні" деп атады.

Наурыз мейрамын Орта Азия, Таяу Шығыс, Балқан түбегі мен Қара теңіз жағалауындағы 300 мыңнан астам адам тойлап келеді. Ал ЮНЕСКО 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын мәдени мұра тізіміне енгізді.

Наурыз мейрамының маңызы қандай?

Бұл — ақжарма тілек пен бата жауатын күн. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық ескісін тастап, жаңа киімдерін киіп, атқан таңды қарсы алады. Үйі, маңайын тазартып, өкпе-ренішті ескі жылмен қалдырып, төс қағыстыратын күн. 

Наурыз көженің ерекшелігі

Наурыз көже - тек ас емес, көпшіліктің "молшылық болса екен" деген ізгі ниеті.  Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде 7 түрлі тағам қосылуы тиіс. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген. Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді.

Жер қайта түлеп, оянатын бұл күні ән айтылып, күй тартылады, би билеп, алтыбақан тебеді. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумағында сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген ауданында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир