KEGOC Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда неге жарық өшіп қалғанын түсіндірді
© Sputnik / Абзал Калиев
Оператор мәліметінше, жарықтың өшуіне Өзбекстан мен Қырғызстанда туындаған апатты теңгерімсіздік себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
"KEGOC" АҚ Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда электр энергиясының өшу себебін атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.59-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) Орталық Азияның (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесінде туындаған айтарлықтай апатты теңгерімсіздік салдарынан 500 кВ "Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі" электр энергиясы транзитінде электр қуаты күрт ұлғайды.
Салдарынан "Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі" транзиті апатты түрде бөлініп, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың басым бөлігі жарықсыз қалды.
Шектеу көлемі шамамен 1500 мегаваттты құрайды.
Қазіргі таңда оператор апатты жою шараларын қабылдап жатыр, деп мәлімдеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53