Алматы-Екатеринбург тас жолының Қарағанды облысына қарасты аумағында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеше таңертең болған апат салдарынан 20 жастағы жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы оқиға орнында тіл тарпай кеткен. Ал апатқа ұшыраған көліктердің бірінде Меркі ауданының көкпаршылары болған. Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, 4 адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.
– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ақпараттық агенттіктерде аталған жол-көлік оқиғасы кезінде көліктердің бірінде балалар мен жаттықтырушы бар деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Алматыда қыркүйекке дейін тағы бір көше жабылады