|
04.01.2020 | 14:44
7756

Алматыда мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері коньки тебуді үйренуде

Алматыда балалар үйінің балаларына коньки тебуді тегін үйрету акциясы жалғасуда

Алматыда мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері коньки тебуді үйренуде

Ерекше қажеттіліктері бар жетім балалардың мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілеріне арналған алғашқы сабақ 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Әр жастағы 30 бала тәжірибелі 15 нұсқаушының көмегімен коньки тебуді бастады. Сырғанау кезінде шай ішу үзілісі де болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсаннан бастап балалар үйінің тәрбиеленушілері қаланың төрт тегін мұз айдынында коньки тебуді үйреніп жүр. 2020 жылдың көктеміне дейін балалар үйінің 80-нен астам тәрбиеленушісін конькимен сырғанауға үйрету жоспарлануда. Оқу курсы аяқталысымен балаларға сыйлықтар беріледі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир