|
06.07.2019 | 14:48
4277

Жалаңсөз бен айтаққа ерудің қажеті жоқ – Елнұр Бейсенбаев

Ол өз сөзін Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» жырымен түйіндеді

Жалаңсөз бен айтаққа ерудің қажеті жоқ – Елнұр Бейсенбаев

«Biz birgemiz!» атты бейбіт шеруде сөз алғандар қатарында «Qadam PRO» ЖШС-нің директоры Елнұр Бейсенбаев та болды. Халықты бейбітшілік пен ынтымаққа шақырған ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын еске алды, деп хабарлайды Қамшы.кз.

«Кешегі 90-ыншы жылдарды еске алайықшы. Экономиканың барлық саласында дағдарыс. Бір бөлке нан мен сүт алу үшін таңнан кешке дейін кезекте тұратынбыз. Ата-аналарымыздың қызметін тастап, бізді асырау үшін базар жағалап кеткенінемен де куәмін. Сабағымызды майшаммен оқып ержеттік.Осындай дағдарысты жылдардан бізді алып шыққан ертеңгі жақсы күндерге деген сенім, жүректегі патриоттық сезім болатын. Міне, қазір төрткүл дүниемен тереземіз теңелді. Ал осындай айрандай ұйып отырған халқымыздың ынтымағын ыдыратып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер бар. Кезінде қарапайым халықтың банктегі ақшасын жымқырып кеткен Әбілязов бүгін шетелде отырып алып халықты тағы да аласапыранға айдап салғысы келеді. Ондай жалаңсөз айтаққа ерудің қажеті жоқ», – деді қала жастары атынан мінберге шығып сөз сөйлеген Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ, ол жастарды жігерлі, сауатты, парасатты болуға, жақсылығымызды асырып жүруге, ал кем-кетігіміз болса бірге толтыруға шақырды. Сөзінің соңын Е.Бейсенбаев Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген жалынды жырынан үзінді оқып түйіндеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир