|
28.11.2023 | 20:03
3123

Қазақстанда бірқатар жолдың жөндеу жұмысы бір жылға шегерілді

Алдағы 7 жылда халықаралық автомобиль дәлізін жаңғырту толық аяқталады

Қазақстанда бірқатар жолдың жөндеу жұмысы бір жылға шегерілді Almaty.tv

Қазақстанда құрылысы 4-5 жылға созылған бірқатар жолдың жұмысы тағы 1 жылға шегерілді. Өңірлердегі 923 шақырым жол қозғалысы келер жылы қолданысқа берілуі мүмкін, деп хаарлайды Almaty.tv.

Бұл қатарда БАКАД, Қандыағаш – Мақат және Үшарал – Достық, Талдықорған – Өскемен бағытындағы күре жолдар бар. Көлік министрінің мәліметінше, 2025 жылға дейін республикада 3,6 мың шақырым жолға жасалатын күрделі жөндеуді бітіру жоспарланған. Ал алдағы 7 жылда халықаралық автомобиль дәлізін жаңғырту толық аяқталады.

– Жол құрылысы жұмыстарының қарқыны келесі жылы да сақталатын болады. 2024 жылы 9 мың 500 шақырым жол бойынша түрлі жұмыстар атқару жоспарланған, оның ішінде республикалық желіде – 5 мың 300 шақырым және жергілікті желіде – 4 мың 200 шақырымда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Нәтижесінде, 2024 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін республикалық желіде 93%-ға және жергілікті желіде 91%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.

Оқи отырыңыз: Биыл ақылы жолдан қанша ақша жиналды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир