Әр балаға 21 мың 172 теңгеден атаулы әлеуметтік көмек беріле бастады

фото из открытых источников
фото из открытых источников
923 отбасына 89 миллион теңге бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бүгіннен бастап 923 отбасы алғашқы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл 89 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпы, айдың басынан бері осы көмекті алуға тұрғындардан 4 мың өтініш түскен. Оның ішінде 3 мың адам жаңа формат арқылы берілетін көмекке лайықты деп танылды. Келесі айда бұл көмек тағы 800-ден астам отбасына беріледі. Осылайша, құжаттары түгел отбасылар қатары ай сайын арта түспек.

Әр балаға берілетін 21 мың 172 теңге тезірек өз иелерін табуы үшін Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімшелері таңғы 8:30-дан кешкі 20:00-ге дейін өтініш қабылдауға әзір. Жүйенің жылдам жұмыс істеуі үшін халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен жұмыспен қамту орталығының мамандары да жұмылдырылған.

«Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Қазіргі таңда аудандық учаскелік комиссияларда 522 материал жатыр және 800-ден астам құжат тексерілуде. Осының бәрі комиссиядан өтіп, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша процедуралар біткеннен кейін 2 мамырдан бастап тиесілі азаматтар атаулы көмектерін алады», – дейді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Сайран САЙФЕДЕНОВ.

Новости партнеров