|
28.06.2019 | 16:37
3093

Алматыда балет театры мен конгресс-орталық салынады

Жобалар есебінен қосымша 500-ға жуық жұмыс орны ашылып, қала бюджетіне 8,8 млрд. теңге салық түсті

Алматыда балет театры мен конгресс-орталық салынады almaty.gov.kz

«Алматыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» бастамасы аясында 2020 жылы жеке инвестициялар есебінен балет театры мен заманауи конгресс-орталық салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мысалы, балет театры әл-Фараби даңғылы бойы мен Назарбаев даңғылының батысындағы ұзақ уақыт бос жатқан жерде бой көтереді.

Ғимарат архитектурасы субұрқағы бар, айналасы көгалдандырылған әрі есте қаларлықтай ерекше сипатта жасалады. Оның көпқұрамды бөлшектері мен элементтері болады. Нысан фактурасы өте тартымды, жоғарғы жағы жарық көздері арқылы айрықша нұрланады.

Театр кеңістігін көпфункционалды және түрленетін тұрғыда жасау жоспарланған. Холл алаңында бизнес ивенттер мен салтанатты шаралар өткізуге болады. Ғимарат ішінен балалар хореография мектебін ашу жоспарланған.

Алматының қарқынды дамуын және жыл сайын 50-ден астам халықаралық ивенттер өтетінін ескере отырып, мұнда заманауи конгресс-орталық салу қолға алынбақ.

Айта кетерлігі, «Алматыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» аясында биыл тағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдар, қосалқы нысандар салынып, көшелер мен саябақтар абаттандырылады. Осы жобалар есебінен ғана қосымша 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, қала бюджетіне 8,8 млрд. теңге салық түсті.

Жыл аяғына дейін Республика алаңын, Достық даңғылын, Байсейітова мен Жібек жолы көшелерін, Верный обсерваториясын, Алматы зообағын, Медеудегі шынығу баспалдақтарын, Мыңжылдық фонтанын, қаланың барлық 8 ауданындағы өтпелі аймақтарды қалпына келтіріледі. 

Бұдан өзге, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның, №4 перзентхана мен Түрксіб ауданындағы психоневрологиялық интернат жанындағы қосалқы нысандардың, медициналық жедел жәрдем қосалқы станциясы мен Алатау ауданындағы патологоанатомиялық бюросының құрылыстары да аяқталады.

Жалпы, 6 жаңа балабақша мен сейсмикалық жағынан жоғары төзімді 10 мектеп пайдалануға беріледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир