Исраил Сапарбай поэзия кешін өткізді

Исраил Сапарбай поэзия кешін өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әкімдер  ақындарды іздей  бастады. Халықпен көптен бері кездесе алмағанын  айтқан ақын  Исраил Сапарбай өзінің поэзиялық кешінде осылай  деді. Наурызбай ауданы әкімінің шақыруымен кешін өткізген ақын кітаптарын да шығара алмай жүргенін айтуды ұмытпады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көптен көзге түспей жүрген ақынды  Наурызбай ауданының әкімі  қала күнін мерекелеу аясында шақырыпты. Исраил Сапарбайдың  поэзиялық  кездесу кешіне  өзге өнерпаздар да келген. Өлең сүйер қауым көп жиналған поэзиялық кеште жастар ақының шығармаларын жатқа оқып, әннен шашу шашты.  

Алаштың қабырғалы ақыны өзіне «ақындық» деген қасиетті, жырды жаратқанның сыйы деп қабылдайтынын айтты.

Ұлы жұрт, Ұлан-ғайыр, Ұлан дала.

Жетеді қыранға да, құланға да!

Қазанның тұтқасына ие болған,

Қазақтың несібесі бір Аллада! – деп туған халқының мерейін үстем қыла жырлаған ақын жиналған жұртты рухтандырып отырды.  

«Ағамызбен сырласып, қала күніне орай ол кісінің Алматыға арнаған әндерін тыңдап, ғажап әсер алып отырмыз. Тартымды сұрақтар қойылып, ақын ағамыз өзінің ойын  жеткізіп, бір жақсы, керемет әсерде отырмыз», – деді Мира НАЗАРБЕКОВА.    

«Исраил Сапарбай атамыздың өлеңдерін жаттаған кезде сөзінің мағынасына өте қатты мән бердім. Бүгін ақынның «Бәрі де өтер», «Он сегіз» атты өлеңдерін жаттап келдім», – Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті Айдана БЕЙСЕН.    

Халқының арасына келген ақын өзінің қазіргі жағдайын айтуды да ұмытқан жоқ. Айтуынша бұрышта шаң басып, шықпай жатқан өлеңдері аз емес.      

«Бұрыннан -дайын тұрған 5-6 қолжазбам бар. Бірақ қалтам тесік. Мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Отыз жылдан бері кітабымызды өзіміз шығарамыз. Менің өлеңдерім, әндерім, шығармаларым сіздерге жетпей жатса, айып менде емес. Бірақ, дегенмен де мынау әкім менен ақын жақын тұрса, ол бақыт», – дейді ақын, драматург, аудармашы, сазгер Исраил САПАРБАЙ.

Сазгер, драматург сынды өнеріменде  аты шыққан ақынға халқы  әлдеқашан «Махаббат шайыры» деген атақ та берген.  Кездесуде жиналған жұрт ақымен қоғамдағы өздерін мазалап жүрген сұрақтарын да қойып ұлгерді. Ал ақындарды іздей батсаған аудан әкімдігі  халықтың ықласына бөленген сыйлы қонаққа  қазақы салпен шапан жапты.

Аяулым Көлжігіт, Нұржан Оразбеков «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров