|
27.02.2020 | 14:57
1891

«Рухани жаңғыру» жобаларын орындауға еріктілер құрамы жұмылдырылатын болады

Мегаполисте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 211 іс-шара өткізу жоспарланып отыр

«Рухани жаңғыру» жобаларын орындауға еріктілер құрамы жұмылдырылатын болады Almaty.tv

«Рухани жаңғыру» жобаларын орындауға еріктілер құрамы жаппай жұмылдырылатын болады «Волонтерлар жылы» шеңберінде олар қаланың әлеуметтік өміріне белсене араласуға тартылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұл туралы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің соңғы 3 жылдағы қызметі қорытындыланған баспасөз жиынында айтылды. Қалада еріктілердің тіркелген ұйымдарынан бөлек, өз ұсынысын білдіріп жататын көптеген белсенді азаматтар да баршылық. Олардың өтініштерін тыңдап, жинақтап, жүйелі жұмыс атқару мақсатында Алматы қаласы әкімдігі еріктілермен бірлескен кездесу де өткізіпті.

«Конференциялар өтеді, слет болады, түрлі конкурстар ұйымдастырылады. Одан бөлек, күнделікті қарттар үйіне бару, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында кездесулер, экскурсиялар өткізу жұмыстары бар.  Соның бәріне еріктілердің әрқайсысы тартылатын болады. Яғни, ерікті деген сөзді әр адамның өміріне қатыстырып, іс-шаралар жүргізетін боламыз», – дейді  Қалалық қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Фариза ҚАМБАРОВА

Бұдан бөлек, мегаполисте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 211 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. «Туған жер» арнайы жобасының аясында демеушілердің қаржысына 46 нысан салынды. Қала бойынша 29 спорт және балалар алаңы құрылды. Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының операциялық блогы мен қабылдау бөлмесі жөндеуден өтіп, жаңартылды. Ал сакралды нысандар картасына Алматының 6 бірдей киелі жері енді.

«Боралдай сақ қорғандары» ескерткішін сақтап қалу мақсатында, саяхатшыларды тарту үшін, сондай-ақ, оны ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу мақсатында «Сақ мәдениетінің орталығы» жобасы әзірленуде. 2017 жылы «Райымбек батыр» кесенесіне жөндеу жасалса, қазір «Мемориалды мұражай кешенін» құру бойынша жұмыстар жасалып жатыр», –  деді Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобасының жетекшісі Гүлнар ҚОҢЫРОВА.  

Еске салайық, бағдарлама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғаннан кейін қолға алынды. Онда негізгі 6 бағыт белгіленген.

Сая Мендеке, «Алматы» арнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир